09.08.2025
11:10
344
Тоқаев: Сингапур – Қазақстанның Оңтүстік-Шығыс Азиядағы сенімді серіктесі

Тоқаев: Сингапур – Қазақстанның Оңтүстік-Шығыс Азиядағы сенімді серіктесі

Мемлекет басшысы Сингапур Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Тарман Шанмугаратнамды Сингапур Республикасы тәуелсіздігінің 60 жылдық мерейтойымен құттықтады.

Бүгінде еліңіз тұрақты өсіп-өркендеудің, тиімді басқарудың және инновациялық жаңғырудың озық үлгісін көрсетіп отыр. Осы орайда, Сіздің биік мақсаттарға жетелейтін бірегей бастамаларыңыздың табысты жүзеге асуына тілектеспін. Сингапур – Қазақстанның Оңтүстік-Шығыс Азиядағы сенімді серіктесі. Екі ел арасындағы ықпалдастықтың тұғыры берік, мүмкіндігі мол екенін айрықша атап өтуге болады, – деп жазылған жеделхатта.