Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ саммитіне қатысушы елдердің делегация басшылары құрметіне ұйымдастырылған салтанатты қабылдау рәсіміне қатысу үшін Тяньцзиндегі «Мэйцзян» конференц-орталығына барды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Мемлекет басшысын ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин мен оның зайыбы Пэн Лиюань күтіп алды.