Тоқаев шахтерлерді марапаттау туралы жарлыққа қол қойды

22 Тамыз, 09:01 653

Мемлекет басшысы шахтерлерді марапаттау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан Республикасы президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Шахтер күні қарсаңында отандық көмір өнеркәсібі саласындағы жемісті еңбегі және кен игеру ісін дамытуға қосқан үлесі үшін бір топ шахтер мен сала қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Атап айтқанда, 36 шахтер «Құрмет» орденінің кавалері атанды. 1 қызметкер ІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен, 27 кенші ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен марапатталып, 43 азамат «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері болды.

EL.KZ
Бөлісу: