14.09.2025
10:01
408
Тоқаев Рим Папасын құттықтады

Тоқаев Рим Папасын құттықтады

Мемлекет басшысы Рим Папасы XIV Леоға құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Президент Рим Папасы XIV Леоны 70 жасқа толуымен құттықтап, оның халықтар арасындағы татулық пен дінаралық диалогты нығайтуға, сондай-ақ толеранттылықты дәріптеуге сіңірген өлшеусіз еңбегін ерекше атап өтті. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Киелі Тақпен ынтымақтастықты одан әрі арттыруға ниетті екенін жеткізді.