Тоқаев Ресей Президентімен телефон арқылы сөйлесті

24 Маусым 2023, 17:50 1117

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Ақорданың мәліметінше, РФ Президенті Владимир Путин елдегі ахуал жөнінде мәлімет берді.
  
Қасым-Жомарт Тоқаев қазір болып жатқан оқиға Ресейдің ішкі мәселесі екенін атап өтті. Конституциялық тәртіп пен заң үстемдігі – елдегі құқықтық тәртіпті сақтаудың басты шарты. Бұл – қоғамның қауіпсіздігі мен оның табысты дамуының негізі.
 
Владимир Путин Ресей Федерациясындағы қалыптасқан жағдайға Қазақстанның түсіністік танытқаны үшін алғыс айтты.

Асқар Таудай
Бөлісу: