19.10.2023
09:20
1621
Тоқаев қорғаныс саласының қызметкерлерін Құтқарушы күнімен құттықтады

Тоқаев қорғаныс саласының қызметкерлерін Құтқарушы күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Азаматтық қорғаныс саласының қызметкерлерін Құтқарушы күнімен құттықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Азаматтық қорғаныс саласының қызметкерлерін Құтқарушы күнімен құттықтаймын! Сіздердің жұмыстарыңыз қауіп-қатерге толы әрі зор жауапкершілікті талап етеді. Мемлекет пен қоғам сіздердің антқа адалдықтарыңызды, қажырлы еңбектеріңізді жоғары бағалайды. Баршаңызға бақ-береке тілеймін! – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев парақшасына.