Тоқаев Қазақстанның Беларусьтегі жаңа елшісін қабылдады

4 Маусым, 17:50 448

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Беларусьтегі жаңадан тағайындалған елшісі, ТМД Жарғылық органдары жанындағы Тұрақты өкіл Тимур Жақсылықовты қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әңгімелесу барысында Мемлекет басшысы қазақ-беларусь стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайту маңызды екенін айтты. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Тимур Жақсылықовқа Қазақстан мен Беларусь Республикасы арасындағы көп жақты ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ ТМД-ның жарғылық органдарымен ықпалдастықты ілгерілету жөнінде бірқатар міндет жүктеді.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: