Тоқаев Путиннің шақыруымен Санкт-Петербургке барды

25 Желтоқсан 2023, 18:03 995

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путиннің шақыруымен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қатысу үшін Санкт-Петербург қаласына келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің басшылары интеграциялық процестерді одан әрі дамытудың басты міндеттері мен негізгі бағыттарын талқылауды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ Қазақстан Президенті ТМД елдері басшыларының бейресми кездесуіне де қатысады.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: