Мемлекет басшысы Ресей президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ақорданың мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаев Дағыстан Республикасының Махачкала қаласындағы жанар-жағармай стансасында болған жарылыс салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинге көңіл айтты.
Орны толмас қайғыға ортақтасып, қаза тапқан адамдардың туған-туыстарына Қазақстан халқының және жеке өз атымнан көңіл айтамын. Сонымен қатар зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін, – деп жазылған жеделхатта.