Тоқаев Petrovietnam компаниясының басшысын қабылдады

21 Тамыз 2023, 14:00 630

Қасым-Жомарт Тоқаев Petrovietnam компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Хоанг Куок Выонгты қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ақорда мәліметінше, кездесу барысында энергетика және мұнай-газ химиясы салаларындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды.

Мемлекет басшысы мұнай мен газ өңдеу және геологиялық барлау салаларындағы жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытқан инвесторларға салықтық және кедендік жеңілдіктер ұсыну мүмкіндіктері бар екеніне назар аударды.

Өз кезегінде Хоанг Куок Выонг Қасым-Жомарт Тоқаевқа компанияның энергетика және мұнай химиясы салаларында жүзеге асырып жатқан жобалары туралы баяндады.

Petrovietnam – Оңтүстік Шығыс Азияның мұнай-газ өнеркәсібіндегі басты ойыншылардың бірі. Активтерінің жалпы құны 40 милллиард долларға бағаланады. 

Мадина Асылбекова
Бөлісу: