23.08.2025
15:13
434
Тоқаев пен Макрон халықаралық күн тәртібін талқылады

Тоқаев пен Макрон халықаралық күн тәртібін талқылады

Мемлекет басшысы Франция Президентімен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы. 

Француз тарапының бастамасымен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Президенті Эмманюэль Макронмен телефон арқылы сөйлесті. 

Мемлекеттер басшылары екіжақты қарым-қатынастың қарқынды өрбіп келе жатқанын атап өтіп, сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін бірлесе жұмыс істеуге уағдаласты. Сондай-ақ президенттер Біріккен Ұлттар Ұйымының 80 жылдығы қарсаңында халықаралық күн тәртібі жөнінде пікір алмасты.