Тоқаев Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевты қабылдады

13 Қыркүйек, 16:32 459

Қасым-Жомарт Тоқаев Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевты қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

 Ғани Бейсембаев өз есебінде:

–  еліміздегі мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру салаларын дамыту мақсатында қабылданып жатқан шаралар жөнінде мәлімет берді:

– былтыр 137 мың оқушыға арналған 154 жаңа мектеп ашылған. Бұл 29 үшауысымды, 12 апатты мектептің мәселесін шешкен;

– жаңа оқу жылында 365 мың оқушыға есептелген 221 білім ошағын пайдалануға беру жоспарланып отыр; – мектептерді пәндік кабинеттермен жабдықтау көрсеткіші 2 есе артып, интернеттің сапасы жақсарған;

– тәрбие жұмыстары басым бағыттардың бірі болып қала береді. «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» жалпыұлттық құндылықтарына негізделген «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы қолға алынған; орта білім сапасын арттыру туралы айтты: – мектеп оқулықтары толықтай цифрлық форматқа көшірілген;

– Қазақстан атынан халықаралық олимпиадаларға қатысқан әрбір екінші оқушы жүлделі орындарға ие болып жүр. Былтыр ел оқушылары 58 алтын медаль жеңіп алған;

– техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін трансформациялау, инклюзивті және арнайы оқытуды дамыту жөніндегі жобаларды таныстырды.

Мемлекет басшысы Оқу-ағарту министріне саланы одан әрі жетілдіру және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бірқатар тапсырма берді.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: