Тоқаев: Монополистердің қаржысын қатаң бақылау керек

19 Сәуір 2023, 11:58 607

Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Монополистердің міндеттері мұқият нақтыланып толығымен орындалуға тиісті. Сондықтан үкіметке қаржының жұмсалуын бақылайтын қатал амал-тәсілдер енгізуді тапсырамын. Сондай-ақ, бұған қоса цифрлық бақылау жүйесін де енгізу қажет. Жұрт коммуналға төлейтін ақшасының қайда кетіп жатқанын көріп отыруға тиіс. Қазіргі ақпараттық технология бұған толық мүмкіндік береді, - деді Президент.

Бұдан бөлек, мемлекет басшысы жанар-жағармайды көтеру мәселесін де дәл осылай қарау керектігін тілге тиек етті.

Делдалдар мен алып-сатарлардың қолында кетпеу керек және мұнай өңдеу зауыттарын жаңғыртуға жұмсау қажет,- деді Президент.

Амангүл Тілейқызы
Бөлісу: