Тоқаев мемлекеттік сапармен Моңғолияға барады

26 Қазан, 13:04 553

28-29 қазан күндері Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолияға мемлекеттік сапармен барады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы Президент Ухнаагийн Хурэлсухпен келіссөз жүргізеді. Сондай-ақ Моңғолияның Ұлы Мемлекеттік Хуралының Төрағасы Дашзэгвийн Амарбаясгаланмен және Премьер-министр Лувсаннамсрайн Оюун-Эрдэнэмен кездеседі. 

Сапар аясында бірқатар маңызды екіжақты құжаттарға қол қою жоспарланып отыр.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: