11.11.2025
17:49
413
Тоқаев Мәскеуге барды

Тоқаев Мәскеуге барды

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей gрезиденті Владимир Путиннің шақыруымен Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Внуково-2 әуежайында мәртебелі мейманның келуіне орай Мәскеу гарнизонының құрмет қарауылы мен әскери үрмелі оркестрі сап түзеді.

Мемлекет басшысын Ресей Федерациясы Үкіметі төрағасының бірінші орынбасары Денис Мантуров пен басқа да ресми тұлғалар қарсы алды. Екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалды.