Тоқаев Маңғыстау облысының әкімін тағайындады

2 Желтоқсан 2022, 15:23 2021

2021 жылдан Маңғыстау облысының әкімі болып тағайындалған еді

Президент жарлығымен Нұрлан Ноғаев Маңғыстау облысының әкімі лауазымына тағайындалды. Тиісті жарлық Ақорданың сайтында жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
"Мемлекет басшысының жарлығымен Нұрлан Асқарұлы Ноғаев Маңғыстау облысының әкімі лауазымына тағайындалды", - делінген құжатта.

Нұрлан Ноғаев 1967 жылы 30 шілдеде Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Қандыағаш қаласында дүниеге келген.

1993 жылы И. Губкин атындағы Мәскеу мемлекеттік мұнай және газ академиясын тау-кен инжинері мамандығы бойынша бітірді.

1999 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша және 2006 жылы РФ СІМ Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын (Университет) іскерлік әкімшілік магистрін бітірді.

Еңбек жолын Ақтөбе облысы Октябрьск қаласының Қандыағаш станциясында электромонтер болып бастаған.

  • Мәскеуде мұнай өнімдері жөніндегі аға сарапшы, «Гили-Паскер» ЖШС-нің бөлім бастығы (1993-1995).

  • Алматыда «Отырар Лтд» шағын кәсіпорны бас директорының орынбасары (1995-1996).

  • 1996-2006 жылдары аралығында маркетинг жөніндегі инженер,

  • «Қазақтүрікмұнай» ЖШС-нің маркетингі, мұнай және мұнай өнімдерін сату бөлімінің бастығы, бас директоры қызметтерін атқарған.

2006 жылғы ақпан-тамыз аралығында «ҚазМұнайГаз «Ұлттық компаниясы» АҚ-ның атқарушы директоры болды. 2006 жылдың тамызынан бастап Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Мұнай өнеркәсібі департаментінің директоры болып жұмыс істеді.

2007 жылдың қыркүйегінен бастап Батыс Қазақстан облысы әкімінің экономика, қаржы және мұнай-газ секторы мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары болды.

2012 жылдың 20 қаңтарында Батыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды. 2016-2019 жылдары аралығында Атырау облысының әкімі, 2019 жылғы 18 желтоқсан — 2021 жылғы 7 қыркүйекке дейін Энергетика министрі қызметттерін атқарды.

2021 жылдың 7 қыркүйегінен бастап Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Маңғыстау облысының әкімі болып тағайындалған еді.

EL.KZ
Бөлісу: