Мемлекет басшысы күштік құрылым басшыларының жаңадан тағайындалған орынбасарларын қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары Әли Алтынбаевты, Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Терроризмге қарсы қызметтің бастығы Бақытбек Рахымбердиев пен ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның бас қолбасшысы Аңсаған Балтабековті қабылдады.
Кездесуде мемлекет басшысы жаңадан тағайындалған лауазымды тұлғаларға тиісті ведомстволарда өздері жетекшілік ететін бағыттар бойынша бірқатар тапсырма берді.