Тоқаев Конституциялық Соттың бірқатар судьясын тағайындады

31 Желтоқсан 2022, 11:05 1182

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлықтарымен Конституциялық Соттың бірқатар судьясы тағайындалды, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының жарлықтарымен: Қайрат Төлегенұлы Жақыпбаев Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы болып 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды;

Айжан Ержанқызы Жатқанбаева Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы лауазымына 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап тағайындалды;

Бақыт Маратұлы Нұрмұханов Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы лауазымына 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап тағайындалды;

Роман Анатольевич Подопригора Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы лауазымына 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап тағайындалды.

EL.KZ
Бөлісу: