Тоқаев Конго президентін Ақордада қарсы алды

2 Тамыз, 11:02 941

Ақордада Конго Республикасының президенті Дени Сассу-Нгессоны қарсы алу шарасы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен келген Конго Республикасының президенті Дени Сассу-Нгессоны Ақордада қарсы алды.

Содан кейін екі ел басшылары ресми делегациялардың құрамын таныстырды. 

Салтанатты рәсімдер залында құрмет қарауылы сап түзеп, оның бастығы мемлекет басшыларына сәлемдік баянат берді. 

Кейін Президенттік оркестр екі елдің мемлекеттік гимнін орындады.

Одан кейін президенттер отырыс залына қарай бағыт алды.

Фото: Арман Мухатов

Ресми сапар аясында бірнеше маңызды құжатқа қол қою жоспарланған.

Миражан Махан
Бөлісу: