01.05.2025
12:56
1515
Тоқаев Канаданың Премьер-министрін құттықтады

Тоқаев Канаданың Премьер-министрін құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев федеральдық сайлауда Канада Либералдар партиясының жеңіске жетуіне орай Премьер-министр Марк Карниге құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
 
Мемлекет басшысы Астананың Оттавамен көпжоспарлы серіктестікті жоғары бағалайтынын атап өтті. Сонымен қатар экономиканың түрлі секторындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екенін растады.