Тоқаев Израиль президенті Ицхак Герцогпен телефон арқылы сөйлесті

20 Наурыз, 14:53
388
Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль президенті Ицхак Герцогпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Израиль тарапының бастамасымен болған әңгімелесу барысында Ицхак Герцог Қасым-Жомарт Тоқаевты Наурыз мерекесімен құттықтады. Мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Израиль арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту перспективасын талқылады. Сондай-ақ өзара тиімді екіжақты байланыстардың жоғары деңгейін сақтауға дайын екендерін растады.
Израиль президенті биыл Қазақстанға сапармен келеді.
Бөлісу: