18.10.2024
11:33
1009
Тоқаев ішкі істер министрінің орынбасарын қызметінен босатты

Тоқаев ішкі істер министрінің орынбасарын қызметінен босатты

Айдос Рысбаев ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысының өкімімен Айдос Какашаұлы Рысбаев Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды, - делінген құжат мәтінінде.

Рысбаев Айдос Какашаұлы 1974 жылы 11 наурызда Ақмола облысы Қорғалжын ауданы Қорғалжын ауылында дүниеге келген.

1996 жылы Ақмола университетін, 2005 жылы Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Б.С. Бейсенов атындағы Қарағанды заң институтын тәмамдаған.

Білімі бойынша мамандығы: заңгер

Мансабын 1996 жылы бастаған. Ал ІІМ орынбасары лауазымына 2023 жылғы қарашада тағайындалған.