Тоқаев Hyosung Financial System Vina компаниясының өндіріс алаңын аралады

22 Тамыз 2023, 13:15 580

Президент Hyosung Financial System Vina компаниясының өндіріс алаңын аралап көрді.

Кәсіпорын жаңа үлгідегі банкоматтар, автоматты касса аппараттарын (TCR) шығарады, сондай-ақ банк-қаржы саласына арналған бағдарламалар жасайды.

Кәсіпорында жылына 80 мыңнан аса бұйым өндіріледі. Бұдан бөлек, компания озық технологияларға көшу, өнім сапасын арттыру, Вьетнамда ақпараттық технологиялар бағытындағы адам капиталын дамытуға ықпал ету үшін өндіріс жанынан зерттеу орталығын ашқан.

Зауыттың өндіріс желісімен танысқан Мемлекет басшысы қаржы технологиясы саласында тәжірибе алмасу қажет екеніне назар аударды.

EL.KZ
Бөлісу: