14.01.2025
11:33
1656
Тоқаев Хорватияның жаңадан сайланған президентін құттықтады

Тоқаев Хорватияның жаңадан сайланған президентін құттықтады

Мемлекет басшысы Хорватия Республикасының президенті болып қайта сайланған Зоран Милановичті құттықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауында жеңіске жеткен Зоран Милановичке құттықтау жеделхатын жолдады.

Қазақстан президенті жеделхатта Зоран Милановичтің жеңісін Хорватияның болашағын жарқын етуге бағытталған саясатына көрсетілген сенімнің айқын дәлелі деп бағалады.

Мемлекет басшысы Астана мен Загреб арасындағы достық пен өзара түсіністікке негізделген екіжақты қарым-қатынастар қос халықтың игілігі үшін одан әрі нығаятынына үміт артатынын жеткізді.