Тоқаев Грекия Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

25 Наурыз, 12:01
403
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Грекия Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Президент Астана мен Афина арасындағы достық пен өзара түсіністікке негізделген көпқырлы ынтымақтастықтың аясы жылдан-жылға кеңейіп келе жатқанын ризашылықпен атап өтті. Сондай-ақ бірлескен күш-жігердің арқасында елдеріміздің серіктестігі болашақта да ұдайы нығая беретініне сенім білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Грекия Президенті Константинос Тасуластың жауапты мемлекеттік қызметіне толағай табыс, достас грек халқына өркендеу мен құт-береке тіледі.
Бөлісу: