Мемлекет басшысы грек-рим күресінен әлем чемпионы Айдос Сұлтанғалиды айтулы жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Айдос Сұлтанғалиды әлем чемпионатындағы жарқын жеңісімен құттықтаймын. Ол – грек-рим күресінен осы ғасырдағы тұңғыш жеңімпаз. Балуандарымыздың жеңісті жолды жалғастыра беруіне тілектеспін, – деп жазды президент Instagram парақшасында.
Еске сала кетейік, бұған дейін Айдос Сұлтанғалидың грек-рим күресінен 26 жылдан кейін әлем чемпионатында алтын алған еді.