Тоқаев Германияның федералдық канцлерін Ақордада қарсы алды

16 Қыркүйек, 14:23 391

Ақордада Германияның федералдық канцлері Олаф Шольцті қарсы алу шарасы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен келген Германияның федералдық канцлері Олаф Шольцті қарсы алды.

Содан кейін мемлекет басшысы мен мәртебелі мейман ресми делегациялардың құрамын таныстырды.

Салтанатты рәсімдер залында құрмет қарауылы сап түзеп, оның бастығы мемлекет басшыларына сәлемдік баянат берді. Кейін Президенттік оркестр екі елдің мемлекеттік гимнін орындады.

Одан кейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Германияның федералдық канцлері Олаф Шольц отырыс залына қарай бағыт алды.

Ресми сапар аясында бірнеше маңызды құжатқа қол қою жоспарланған.

Миражан Махан
Бөлісу: