04.12.2024
17:20
1676
Тоқаев Финляндия президентімен телефон арқылы сөйлесті

Тоқаев Финляндия президентімен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Финляндия президенті Александр Стуббпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Финляндия тарапының бастамасымен өткен әңгімелесу барысында президенттер екіжақты ынтымақтастықтың даму перспективаларын талқылады.

Сондай-ақ мемлекеттер басшылары өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Стуббты және Финляндия халқын алдағы Тәуелсіздік күнімен құттықтады.