24.10.2024
13:35
690
Тоқаев БРИКС саммитіне қатысу үшін «Қазан Экспо» халықаралық көрме орталығына барды

Тоқаев БРИКС саммитіне қатысу үшін «Қазан Экспо» халықаралық көрме орталығына барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС-тің XVI саммитіне қатысу үшін "Қазан Экспо" халықаралық көрме орталығына барды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ақорда БРИКС+ саммитіне қатысушылардың бірге түскен суретін жариялады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС-тің XVI саммиті пленарлық отырысының «БРИКС+»/«аутрич» форматындағы жиынында сөз сөйлейді. Президенттің баяндамасы 24KZ телеарнасынан шамамен сағат 15:00-де тікелей эфирде көрсетіледі.