Тоқаев ауыл шаруашылығына жаңа технологияларды енгізу керектігін айтты

15 Қараша, 16:07 412

Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығына жаңа технологияларды белсенді түрде енгізу қажет екенін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Президент бізде минералды тыңайтқыштар аз қолданылатынын жеткізді.

Бұл – отандық агросектордағы өзекті мәселе. Биыл егіс алқаптарына бұрынғыдан екі есе көп тыңайтқыш себілді. Бұл – ғылыми тұрғыдан қажет тыңайтқыштың 41 пайызы деген сөз. Жалпы жұмыс қарқыны жаман емес. Бірақ біз агротехнологиясы дамыған озық елдердің деңгейіне ұмтылуымыз қажет. Сондықтан импортқа тәуелді болуды азайту керек. Өзімізде шығарылатын тыңайтқыштар ауыл шаруашылығын толық қамтамасыз етпейді, сұраныстың жартысын ғана өтейді. Қазір елімізде құны 4 миллиард доллар болатын ауқымды инвестициялық жобалар жүзеге асырылып жатыр. Соның арқасында 7 миллион тонна минералды тыңайтқыш өндірілмек. Осылайша біз ішкі нарықты толық қамтамасыз етеміз, ал артығын экспортқа шығаруға мүмкіндік туады. Бұдан бөлек органикалық тыңайтқыш өндірісін дамыту маңызды, - деді мемлекет басшысы.

Мемлекет басшысы халықаралық тәжірибеге қарасақ, қойдың жүнін суармалы жерге тыңайтқыш ретінде тиімді пайдалануға болатынын айтты.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: