26.10.2025
09:02
387
Тоқаев Аустрия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Тоқаев Аустрия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Аустрия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Ван дер Белленді Аустрия Республикасының Ұлттық күнімен құттықтады. 

Президент Астана мен Вена арасындағы саяси диалогтың, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың аясы кеңейіп келе жатқанын атап өтті. 

Сонымен қатар екіжақты серіктестікті нығайту жолында күш-жігер жұмылдыру арқылы ықпалдастық жаңа деңгейге көтерілетініне сенім білдірді.