Тоқаев әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлық беру туралы Жарлыққа қол қойды

23 Қазан, 08:31 280

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы 2024 жылғы мемлекеттік сыйлығын беру туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекеттік сыйлық:

1. Ақын Нұржан Светқалиға – «Көкірегім көне кітап» жыр кітабы үшін;

2. Жазушы Ергөбек Құлбек Сәрсенұлына – «Адамның бір қызығы бала деген» кітабы үшін;

3. Авторлық ұжым Бапанов Әлібай Қалтайұлы мен Бапанова Сәуле Сыздыққызына – «Көшпенді фрескалар» киізден бастырылған паннолары топтамасы мен «Әлем өрнектері» гобелендер топтамасы үшін;

4. Суретші Мүсәпір Жанұзақ Керімбекұлына – «Балалықтан даналыққа жол» топтамалар жинағы үшін берілді.

Зарина Арман
Бөлісу: