ТОП-7. Әлемді өзгерткен өнертапқыш балалар

25 Қаңтар 2018, 15:06 29743

Кішкентай данышпандардың өнер табысы

Теріден жасалған құлаққап

15 жастағы американдық Честер Гринвуд 1873 жылы суықта қолдануға болатын құлаққап ойлап тапты. Әжесі бұл құлаққаптың сыртын кәмшат терісінен, ішкі жағын барқыттан тігіп берді. 1877 жылдың 13 наурызында Честер өз өнертабысын патенттеу мүмкіндігіне ие болды. Өмірінің соңына дейін ол құлақты сыртқы шудан, суықтан қорғайтын жаңа заттарды шығарумен айналысты.

Мэн штатында 1977 жылдан бастап, өнертапқыштың құрметіне орай Честер Гринвуд (21 желтоқсан) күнін атап өтіп келеді.

Қалың қарда жүруге арналған көлік

Осындай көлікті ойлап табушы ретінде канадалық Жозеф-Арман Бомбардьеның аты аталады. Ол 15 жасында 1922 жылы ескі «Форданың» бөліктерімен бір аптаның ішінде қалың қарда жүруге арналған көлік жасап шығарды. Құрылғы шамамен бір мили жерді жүріп өткен. Арманның ағасы Леопольд табанына байланған екі арқан арқылы құрылғыны жүргізсе, Арманның өзі қолдан отын салып отырды. Кейін де өнертапқыш бірнеше техникаларды жасаумен айналысып, тек 1957 жылы ғана баяғы қарда жүретін көлігіне оралды. Көлік «Ski-Doo» атын алып, бірнеше даналары шығарыла бастады. Қазір, бұл көлік қарда жүретіндердің ішінде ең танымалы болып саналады.

Жемісті мұз

Таяқшадағы балмұздақ – жемісті мұзды ең алғаш 11 жасар американдық Фрэнк Эпперсон ойлап тапқан. Бір жылдан соң, ол өз өнімін кинотеатрдың жанында тұрып сатумен айналысқан. Бірақ, өсе келе балмұздақтан гөрі, жылжымайтын мүлікті сатуды дұрыс деп ойласа керек. Фрэнк 20 жылдан кейін ғана ойлап тапқан өніміне патент алып, сериялы өндіріске кірісті. АҚШ-тағы дағдарыс кезінде бұл балмұздақ басқа адаммен бөлісіп жеуге болатындай, екі таяқшамен шығарылды.

Брайль қаріпі

Көзі көрмейтін жандардың оқи алу мүмкіндігіне жол ашқан рельфті-нүкте жазуын 1824 жылы 15 жастағы француз Луи Брайль ойлап тапқан. Ол әкесінің шеберханасында етік тігуге арналған бізбен көзін жарақаттап алған соң, 3 жасында көру мүмкіндігінен айырылған еді. Осы қаріппен басылған алғашқы кітап «Франция тарихы» 1837 жылы жарыққа шықты.

Аляска туы

1926 жылы Аляска губернаторы 7 мен 13 жастағы балаларға жалаудың эскизін салу бойынша байқау жариялайды. Оның нәтижесінде 13 жастағы Аляска тұрғыны Бенни Бенсон үздік танылды. Ол салған жалауда аспан түстес көк түс пен аляскалықтарға түнде жол сілтейтін поляр жұлдызы, Кіші аю жұлдызы бейнеленген. 1927 жылы Беннидің ұсынған жалауы ресми символ ретінде көпшілікке таныстырылды.

Ермексаз

Ермексазды түсқағазды көмір шаңынан тазарту материалдарын шығарумен айналысатын Клео Маквикераның немересі ойлап тапты. Ол бұл өнімнен өзіне ермек болатын затты көрген. Осылайша, одан химиялық құрамдас бөліктері алынып тасталып, қауіпсіз ойын заты алынды.

Батут

1930 жылы гимнастика мектебінде оқитын 16 жастағы Джордж Ниссен әкесінің көлікжайында алғашқы батутын жасап шығарды. Ол өз өнертабысына «секіру қондырғысы» деген ат берген. Ниссен бапкерінің көмекшісімен бірге циркте өнер көрсететін акробат труппасының қиын қойылымдарына арнайы батутты торларды тоқып үйренген.  

Сәл кейінірек батутты торға нейлонды матаны пайдаланады. Себебі, нейлон жай матаға қарағанда секірушіге серпін беретін еді. Өнер тапқыштар бұл өнімдерін «секіру қондырғысы» деген атаумен қалдырды.

Мөлдір Дарханбаева
Бөлісу: