Төл бағдарламалардағы ұлттық көқарас пен жүргізушілік ұстаным

22 Қыркүйек 2017, 16:05 1866

Шындық осылай бола тұрса да, сценарийдің негізі, құнары замаңдастар бейнесінен құралады

«Қазақстан» телеарнасы қашанда ұлтымыздың дәстүрі мен мәдениетін, тарихы мен әдебиетін насихаттаушысы боған. Бүгінгі таңда бұл арнаның осы мақсатта ұсынып отырған бірқатар тележобалары бар. Санаулы-ақ дүниені даттап, сынап қарау емес, біздің мақсат– ұлттық бояуы қанық, әдет-ғұрып, салт-санамызбен астасып, жарастық тапқан хабарлардың бар екенін көрсету және ақпарат беру. Ұлттық нышан дегенде, дүбірлі дода көз алдымызға бірден «Көкпар» хабары келетіні бар.

«Көкпар» ұлттық мәдениетіміздің асыл мұраларына терең бойламастан, әлемдік рухани байлықты игерем деуші жастардың назарын ұлттық бастаудың қасиетті қайнар бұлақ көзіне бұрды. Студенттердің, жастардың ой-өрісіне, білімділігіне, ойлану қабілетінің кеңдігіне, зейін-зердесіне құрылған бағдарлама жеңімпаздарын бағалы сыйлықтар беру мен Қазақстан ЛКСМ Орталық Комитетінің “Спутник” қоғамы арқылы шетелге сапарға шығару жоспарланған. Білім парасаты, озық ой, ұшқыр қиялымен дараланып, жеңіске жеткен зейінді жастар мен зерделі студенттерге қазақ жазушыларының кітаптары тапсырылады. Жеті кезеңнен құралған бәсеке ептілер сайысы мен бірқатар сұрақтардан тұрды. Қойылатын сұрақтардың деңгейі жан-жақты ойлануға мәжбүр ететін, шешімі шығармашылық ізденіспен табылатын әдебиет, мәдениет, ғылым, өнерге қатысты болды. Бұдан ойынға қатысқан жастардың білім парасаты, дүниетанымы, тапқырлығы танылды. Хабардың мақсаты – жан-жақты білім таразылау, бірлесіп ойлау мәдениетін қалыптастыру, ой-өрісін дамыту.

Халқымыздың арғы-бергі тарихын, мәдениетін, рухани мұрасын жаңғыртып, еске алуға жетелеген ойлы сұрақгар аз болған жоқ. Мысалы, жеті қазына туралы, қазақ халқының ұлттық өнерінің бірі - саяткерлікке байланысты т.б. Хабарды жүргізушіге де тиянақты дайындық, табан астында тауып айту, ұлттық бояуы қою сөз тіркестерін пайдалану тәрізді жоғары талаптар қойылды. “Көкпар” хабарының жанынан зерделі жастар клубы құрылды. Республиканың облыстарынан да хабарлар ұйымдастырылды. Ой мен өнер жарысы-ның қызықты, тартысты өтуі қойылатын сұрақгарға байланысты еді. Терең, мазмұнды сұрақтар болғанда ойын да шиеленісті, қызу өтті. Сұрақтардың біреуі астарлылығымен құнды, енді біреуі айтар ақпаратының пайдалылығымен есте қалды, қайсыбіреулерінің беде-лін қойылу түрінің тосындығы көтеріп тұрды.

Жастардың бір-бірінен алшақтамай бірлесіп ойлауына, тез шешімге келуіне баулитын “Көкпар” хабары ұлттық дәстүр және ғылыми-техникалық жетістіктің соңғы жаңалықтарымен қаруланған, танымдық, білімдік мәні бар жаңалықтардан хабардар етті. “Көкпар” тек зерделі жастар сайысын ұйымдастырып қана қоймай, белгісіз өнерпаздарға жол ашты, республикадағы студент жастардын өміріне серпіліс енгізді. Жеңімпаз топ халықаралық жастар орталығына баратын тегін жолдамаға ие болды. Ойын барысында музыкалық кілт таңбаланған асық көтерілгенде танылмаған жас таланттардың өнері тамашаланды. “Көкпардағы” орындалған жақсы ән мен күй телекөрермендерге жинақтап ұсынылып отырылады

Бүгінгі таңда «Көкпар» хабары Ұлттық арнадан жексенбі, сағат 23:50 40 минуттық ұзақтықпен эфирге шығады. Сейсенбі, сағат 01:00 қайталанып көрсетіледі. «Бағдарламаның мақсаты – ұлттық ат спорты түрлерінің бірі әрі бірегейі - көкпарды өзге де командалық спорт түрлерімен терезесін теңестіру. Ұлттық ат спорты түрлері Федерациясы мен Қазақстан Республикасы Спорт және туризм министрлігімен бірлесе отырып, көкпар ойынын әлемдік деңгейге алып шығуға талпыныс жасау Әрі Ұлттық арна - ұлттық спорт түрлерінің бірден бір насихатшысы екендігін әйгілеу».

Комментатор – Нұрсұлтан Құдайбергенұлы. Дауысы қазақи қоңыр дауыс. Хабар жанды әуенмен эфирде пайда болады. «Армысыздар, ұлттық ойынның жанкүйерлері» – деп коментатор өз жұмысын бастайды. Мысалы соңғы (22 маусым 2015ж) хабары Көкпардан Кеңес одағының 9 дүркін чемпионы Әбілхан Дауылбаевтің құрметіне ұйымдастырылған республикалық турнирі берілді. Маңғыстаулық «Адай Ата» командасы мен Қызылорда «Сейхун» командасы арасындағы бәйге болмақ. Алдымен әр топтың қатысушыларын аты-жөнімен таныстырады. Бүгінгі бәсекеде төрелік ететін төрешілермен де таныстырып өтеді. Эфирде команда мүшелері бірін-бірімен амандасып жатқканда, коментатор оларға сәттілік тілеп доданы ашық деп жариялайды. Қызу жарыс ойынның ережелерін сақтай отырып, «Адай Ата» командасы жеңіп шығады. Ал, коменттатор үнемі «тұлпарымыз көкпарда сүрінбесін», – деп хабардың соңын қайырады.

Бұл ойында ұлттық рух, жарысқа деген ұмтылыс ерекше сезіліп тұрады. Бұл телевизиядан үнемі беріліп отырадын жалғыз ұлттық ойын. Сондықтан назар салып, көрермендік қолдау таныту әрбіріміздің парызымызға айналғаны дұрыс екенін ұмытпаған жөн.

Қарапайымдылық, сабырлылық, дәлдікті ұштастыра келе хабар жанрына сай ұтымды жүргізеді. Соңғы  хабарларында мындай тақырыптар сөз болған: «Қорқыттың күйлері», «Халық әні «Дедімай-ау» », «Халық әні «Бекзатым» »,. «Үәйістің әндерінің шығу тарихы мен орындаушылары», «М.Бәпиұлының әндері», «Балуан Шолақ шығармашылықтары» сынды бірқатар тақырыптар төңірегінде студия қрнақтарымен талқылып, жаңалық ашуға тырысып бағады.

Болашақ жазылытын материал, эфирден айтылатын ой үйде де, түзде де ойластыра жүруінің өзі оған жат емес. Қазақ теледидарындағы тележурналистер өздері жасаған хабарлар сериясында осы айтылған ойларды басшылыққа алғандары, хабарларының әрбір санында ұлттық сипат белгілерін аңғаруға бет бұрғандары айқын

Шындап келгенде, тележурналист қарасаң көз тойғандай келісті, тыңдасаң адам ұйытарлықтай құнарлы сөз иесі болуы тиіс. Жалпы, журналистің жұмысы қызық әрі киын. Себебі хабар күнде жүреді. Сондықтан күнде мәтін жазылады. Хабар тек сөзден құралмайды. Көрермен алдына көз тояттайтындай көркем дүние шығару үшін жүргізуші, редактор, режиесер мен және оператормен келісе, ақылдаса отырып жұмыс істеуі керек. Теледидарда ұжымдық оймен ұласқан тұтастыққа қол жеткізбесең — ұтылғаның. Мың сан адамның алдына шығып көр, қылп еткеніңді көріп отырады. Сөз желдей, айттың - ұшып кетті. Қайтып түзей апмайсың.

Әр жылдарда көрерменнің есінде ұзақ сақталар қоңыр үнді, дауысы ашық, мақамды диктор немесе ойнақы әрі терең пайым иесі жүргізуші және сөзі мірдің оғындай, тамаша телепублицист журналистер болады. Соның бірі - алпысыншы жылдардың ортасы мен сексенінші жылдардың басындағы Қазақ теледидары көрермендері есінде күні бүгінге дейін жақсы сақталган талантты телепублицист - Сұлтан Оразалин. Мәселе оқиғаның бүгіндік, байырғылығында емес, әңгіме тележурналист сөзінің, шешімінің өзіндігінде, жаңалығында. Өйткені, теледидарымыздың дәстүрлі дамуына арқау болар- лық көркем бейне, бейнелілік Сұлтан Оразалин творчествосының қойнауында қайнап тұр. Өмірдің өзіндей күрделі, қат-қабат болмыс суреті табиғи шығады. Ол сурет ішкі тартыс, психологиялық әдіспен өте нәзік астасады. Жүргізушінің сүреткерлік те, профессионалдық та жетістігі осы жерлерде айқын бой көрсетеді. Сондықтан автордың әрбір көркемдеу компоненті тірі организмнің жанды мүшесіндей қимыл қозғалыс, әрекет үстінде көрінеді. Көркем әдебиет секілді теледидардың да басты компоненті адам образы болғандықтан, Сұлтан Оразалин оның әр кырынан жіті қадағалайды. Уақыт озған сайын сол даралыққа қол жеткізген Сұлтан Оразалин сөзінің сыңғыры, стилінің өзіндік қана үні айқындала түсері анық.

Ол жүргізген «Сұхбаттың» қасиеті де телеэкранмен байланысты. Бұндағы көркемдік тәсіл  бейнефильмнің басты кейіпкерлері өз бейнелерін өздері ашуында. Автор соған мүмкіндік туғызып, артығын алып, кемшінін толтырады, жүрегінің жылуын қосады. Ол үшін телеөнердің ерекшелігін білу шарт.

70-жылдардың орта шенінде эфирге шыққан «Сүхбат- қа» еліктеген немесе осы тектес хабарлар экранда жоқ еді. Әрине, ұзынды-қысқалы әңгімелер телеэкранда болып тұратын

Жинақылық - нактылық - ыкшамдылық. Тележурналист біткеннің күні бүгінге дейін бағыңдыра алмай келе жатқан биіктіктері. Кез келгеннің уысына түсіп, қиялына қонактай бермейтін сәттіліктер. Оған интеллектуальдык алымдылык пен ойда жинакылық, тақырыпта мағыналық, логикада тереңдік керек. Ізденіс, пікірталас, зерттеу және салыстыру. Осылардың бәрі де тақырыптың актуальділігінен бастау ала отырып, оны ретімен жүйелеп, фактілерді ойната әрі көрерменді ойланта отырьш, басты өзекке көпшілікті Жеңіл альш шығу. Сонда ғана жүргізуші аудиторияның ықыласына бөленіп, көпшіліктің сүйіктісіне айналады.

Бүгінгі көгілдір экран айнасын ұлттық хабарлармен толтыру, жас ұрпакты жоғары стетикалык рухани нәрмен коректендіру үшін тынымсыз ізденіс, шығармашьшық өсу міндеттерін жүргізушінің өзі игеруі қажет. Тың әдістер табу, интеллектуатьдык деңгейді көтеру, хабардың жеделдігін, шыншылдығын арттыру, журналист, дикторлардың ой-өрісін дамыту, дарынды, кәсіпқой тұлғаларды шебер іріктей білу алғашкы максаттар. Әр ұлттың өзіндік табиғи тәрбиелік дәстүр, жүйелері бар. Қай халыктың рухы мыкты болса, сол халыктың болашағы зор екендігі даусыз.

Хабардың өн бойындағы төл сипат, ұлттық нышан мен пішіндердің қай-қайсысы болсын, түптеп келгенде журналистің шығармашылық ізденісінен туындап жататыны ақиқат. Соның ең бастысы, әрі бірегейі - оның шығармашылық сауаттылығы. Ал, шығармашылық қай заманнан-ақ адамзатты ойландырып-толғандырып келген мәселе екені белгілі. Творчество – ақыл-ойға, ілім-білімге терең бойлағанда ғана пайда болатын құбылыс екенін де айта кеткен жөн.

Ұлттық хабарларды жүргізуде телепублицистің шеберлік қырлары белгілі заңдьлықтарға сүйенеді. Ол зандылықтар журналистиканың атқаратын қызметі мен ұстанымдары, теориясы мен тәжірибесінен құралады. Тележурналист өмір материалдарын зерттеп, дәлелдерін сипаттап, тақырыбын тандап, деректерді іріктеп, сындарлы қорытындыға келгенде де белгілі бір ұстанымды басшылыққа алады. Яғни, сценарийдің мазмұнды болуы тележурналистің шеберлігіне, тәжірибесіне, өмір шындығын саралай, талдай білу, деректерді іріктей алу әдісіне байланысты. Тақырыптың хабарға сай дұрыс таңдалуы, шығарманың тартымдылығы, деректің дәлелділігі мен оны ойнатып, әрі ойлантып беру телепублицистің шын шеберлігін танытады.

Кезеңінің көкейтесті проблемаларын қозғап, аудиторияны қоғамдағы алуан түрлі әлеуметтік-экономикалық, саяси-мәдени және өзге де саладағы хабарлармен қамтамасыз ету, көпшіліктің қоғамдық пікірін, көзқарасын қалыптастыру шынайы кәсіптік даярлықты, мол шеберлікті талап етеді. Публицист кез келген ортада өзінің оқырманын, тыңдаушысын, көрерменін ойлы да отты сөзімен баурап алатындай, әрқашан жаңа бір қырынан танылып отыруы керек. Корерменді көруге, тыңдаушысын — тыңдауға, оқырманды — оқуға мәжбүр етудің кілті журналистің өз қолыңда. Ал ол үшін әрбір журналист талмай оқып, жалықпай үйренуі, жоғары кәсіптік шеберлікке жетілуі қажет. «Стильдің қарапайым әрі түсініктілігіне, оның көркемдік сапасын төмеңдету арқылы емес, қайта нағыз шеберліктің нәтижесінде қол жетеді». Демек, ұстаным дегеннің өзі істің мәнін нақты түсіну, жазайын деп отырған сценарийдің мазмұнын, бағытын, атқаратын міндетін жан-жақты айқындап, оны терең және нәзік сезіну, сөйтіп, көздеген мақсатқа жету жолында мамандықтъщ әр түрлі әдіс-тәсілін меңгере беру екен. Осының барлығын тұтас қаракет күйіңде ала отырып, енді оған журналистің жазу әдісін, эфирден сөйлеу мәнерін, зерделілігі мен пайым-парасатын қосу шарт.

Теледидарда әр журналист ой-өрісіне, мінез-құлқына, көзқарасьна қарай өзіне лайық әдіс-тәсілдерді тауып, соған төселеді. Өнердің өзге түрлеріне (әдебиет, музыка, радио, кино) қарағаңда, теледидарда автордың кейіпкерімен тілдесуі, сөзі, сұхбат кезіңдегі ой-толғамы, ақыл-таразысы, пікірін баяндауы, бет-құбылысы арқылы молынан ұшырасады. Камера арқылы жүргізушінің сезім-күйі мен толғаныс-толқынысын, жүрек лүпілін, ой ағысын анық байқаймыз. Оның әрбір қимылы мен оқиғаға араласуы, сезім қақтығыстары кезіндегі сөйлеген сөздеріне авторлық баяндау, тартыс үстіндегі бет-бейнесі мен ішкі сезімнің лықсып, сыртқа шығуы — көпшілік аудиторияның көз алдынан өтеді. Адам қай кезде де өзінің бар сырын, құпиясын бір сәтте не бір хабарда сенің алдыңа жайып салмайды. Оның сан құбылысқа толы қатпарлы әлемін ашу үшін оны іс-әрекет, қайшылықтар мен қақтығыстар, қуаныштар мен қайғылы оқиғалар аңғарында, қыр-сырын көрсету ләзім.

Өнердің тарихында із-түзсіз жоғалатын түр жоқ және таза қайталаулар да жоқ. Есте болатыны, кинофильмдер мен теледидардағы «көбікті» сериалдарда оқиғаның көлеңке жағы мен күңгей тұстарын кезектестіре, теке-тірес күйінде ала отырып, зұлымдык пен жауыздықты арпалыстырьп, соңында әділеттіліктің үстем болуына жол ашады. Халық ертегілерінде де солай болатьш. Теледидар ұстанымына бұл айтылған жағдайлар сәйкес келе бермейді. Оқиға мен кейіпкер әрекеті, оның бет-бейнесі, көпшілігінде автордың ырқынан тыс, кейіпкер көңіл-күйімен әрекетке ене отырьш ашылады. Қызықтысы, көрермен өз кейіпкерін бір қалыпта емес, оны талас-тартыс, сүйініш пен күйініш, жеңіс пен жеңіліс үстінде көре отырып, мәреде оның ұтысты тұсын көргенді қалап отырады. Бірақ, осы кезеңде кейіпкер аудиторияға өзінің ізетті, сүйкімді, ақылды,  парасатты, жомарт, қайырымдылығымен қоса көрінуі шарттылық. Олай болмаған жағдайда, көрермен кейіпкеріңнен ғана емес, хабар авторынан да сырт айналады.

Мінездер жайлы пікірін теледидарда қолдансақ, тележурналист еңбек адамымен жүздесіп, сөйлесіп, сыр тарта жүріп, оның кейпін жеріне жеткізе аша алатын, осы мамандық адамдарының типтік қасиеттерін бейнелей алатын бір еңбек адамын таңдап, соған тоқтауға тиіс. Өйткені, болашақ хабардың эфирде ойдағыдай болып шығу, шықпауы осы тоқтамға, осы таңдауға тікелей байланысты. Егер тележурналист өз хабарының кейіпкерін, өзінің шығармашылық ойын жүзеге асыруға қажет адамды таңдауда әу бастан мүл жіберсе, кейін оның орнын басқа небір көркем құралдардың өзімен толтыру қиынға соғады.

Сұхбат кезінде де даралықты психологиялық талдау арқылы ашуға болатынын ғалымдар дәлелдеген. В.П.Вершельдің пікірінше, талдау әдістері мынадай:

«1)Кейіпкер әрекеті, ой-сезімі оның жүйелі, толассыз әңгімесі кезінде айқындалады. 2) Адамның ішкі жан әлемі оны  қоршаған ортаның әсерінен ашылады: ол қоғамдық ортада өзін жақсылық жағына қарай жетілдіре түседі немесе керісінше даралық өзінің оң қасиетгерін жоғалтады. 3) Очерк құраддары  арқылы кейіпкердің кәсіби психологиясы зерттеледі. 4.) Даралықтағы ішкі қарама-қайшылық характері оның өзін у таңытуына септеседі. 5) Кейіпкердің мақсат, шешім, әрекет  т.б. қасиетгерді тандауы оған талдау жасау кезінде көмекке келеді».

Демек, теледидар шырайын кіргізетін табиғи әңгімелеу кезінде экрандағы кейіпкер сипатының жан-жақты ашылуы — заңдылық. Телепублицистикада кейіпкерсіз іс 'баяндалмайды. Әңгімелеушінің ой мен сезімі эфирден сөйлеу кезінде оған ауызекі, оралымды, жатық әңгімелеу қосылса, экран түрленіп, хабар мағынасы одан әрі айқындала, ашылады. Әңгімелеу шағында кейіпкердің ішкі дүниесі іс-әрекет, толғаныс-тебіреніс, талас-тартыс, ой-сезім үстінде ширыға түседі. Теледидарда тақырып таңдау, кейіпкерді сұрыптау, түр іздеу — телепублицистің өз еркінде. Бұл оның төл болмысына, әсемдік ұғымына, өмірлік мұратына байланысты. Шындық осылай бола тұрса да, сценарийдің негізі, құнары замаңдастар бейнесінен құралады.

Алғашқы кезекте публицист адам мен оқиғаның терең қашарларына барлау жасайды. Алайда, ең маңыздысы тұлғаның жан-дүниесінде үнемі ұнамдылық пен адамгершілік байлықтың, руханилықтың қатар жүріп отыруы болып табылады.  Тележурналистің шығармашылық әрекетінің динамикасы мен мазмұны кейбір қоғамдақ ғылымдар зерттеулерінде көрініс беріп, ашылады. Көрініс толыққанды болуы үшін оны әлеуметтік және жалпы психологиялық бақылау, әрі қорытынды мен толықтырған дұрыс. Тәжірибеде әлеуметтік психология күрделі психологиялық тетік пен әлеуметтік-психолотялық жағдай да тұлғаның орындаушылық дәрежесі, не әлеумеггік рөліне ерекше әсер етеді. Публицист еңбегіңдегі шығармашылығының нәтижесі оның жеке психологиялық мүмкіндігі мен мінезіне тікелей байланысты. Өмірде, тәжірибеде адамды шығармашылық жұмысында психологиялық жағынан даярлау туралы арнайы ереже жоқ. Ол адамның өмір тәжірибесі, қабілеті мен талантына қатысты. Кәсібилік психологияның әрі пішінділігі мен кендігі журналистердің бәрінде бірдей емес. Біреуіне кәсіби шеберліктің терең құпиясы, екшішсіне ойлау машығындағы алғырлық, үшіншісіне жаңа шығармашылық ш-арықтау тұлға үшін қажет қасиет.

Түрлі әдіс-тәсіддерді қолдану арқьшы журналист тәжірибе жинақтап шеберлікке ұмтылуы тиіс. Қашанда шеберлікте шек болмайды. Шығармашылықтың уақыт өте келе жаңа қырлары ашылатыны белгілі. Осы орайда шабыт өнер адамының күш-қуатын арттырып, сенімін күшейтіп, қанаттандыратын, биікке жетелеп, рух беретін ғажайып құбылыс. Өнер адамдарында шабыт жақсы шығарманың өмірге келуіне әсер ететін тылсым бір қозғаушы күш. Шабыт бар жерде журналист қиялы да өрістсй түседі. Шығармашылыққа, публицистикаға деректілікпен бірге, қиялы да керек. Бірақ, ол шьндықтаң ақиқаттан ауытқымауы ләзім. Журналист қийлы өмір шьшдығына негізделсе құба-құп! Өмірдің шиыршық атқан мәселссін, оның мән-маңызын ашу — журналистің басты парызы. Әрі бұл оның кәсіби маман ғана емес, адамгершілік қасиетін де ашатын жәйт.

Экономистер, социологтар, әлеуметтік саладағы психологгар кәсіби шеберліктің көп қырлылығын мойындай отырьщ, зерттеу барысында оның толық көрінісін бермей, жекелеген тармақтарына ғана көңіл аударуда. Журналистен талап етілетін жиынтықтар мыналар екен: « а) көпшілік алдында сөйленетін тақырыпқа байланысты деректерге зер сала, талдау жасау; ө) олардың қоғам дамуындағы ғылыми-материалисік заңдылыққа қатыстылығы; б) жарияланымдағы сөз бен істің бірлігі, публицист шығармасындағы көңіл-күй сезімінің шыншыддығы; в) публицистикалық шығармаға терең бойлай отырып, оқиғаны әйгілі баяңдаудан да гөрі терең және шыншыл көріністің бірлігіне ден қою». Осы айтылғандарды сараласақ, біріншіден, дерек қай шығарманың болсын арқа сүйейтін, сілтеме жасайтын негізгі нысаны болып табылады. Екінішден, журналист туындысы қоғамдағы қандай да бір мәселеге қатысты жазылып, оған жанамалап болса да талдау жасалынады. Үшіншіден, оқырман — тыңдарман-көрермен БАҚ-тан сөз бен істің бірлігін іздей отырып, әрі журналистің шығармасынан оның шыншыл сезімін табуға талпынады. Төртіншіден, материалға жан-жақты әрі байыпты талдау, бірліктердің тұтастығы және ой тастайтын пікірлер жнынтығы керек-ті. Журналист туындысында осы мәселелер бір-бірімен байланысып, жүйеленіп жатса, шығарма щирай түсіп, кейіпкерлер тіршілігі жанданып, көріністерге жан бітеді.

Жаңа қоғамның жаңашыл телепублицисі – оқиғаны көрерменге шыншылдықпен сенімді, әрі қызықты етіп жеткізуге тиіс. Оқиға шыншыл күйінде жету үшін, журналист дәлдікпен жұмыс істеп, оқиғаның ортасында өзі болып, кейіпкердің қуанышы мен қайғысына ортақтаса, іздегенін тапқанша, шындық түбіне жеткенше тоқгамауы қажет. Оқиға оргасындағы телепублицисг, айналасындағы бейне мен дерекке толы жайларды көрермендеріне хабарлай, сендіре отырып, оларды сол сәттің иірімді тереңіне тұтастықта тарта түседі. Көрермен оқиғаға телепублицистің көзімен қараған сайын олардың хабарға қатысуы күрделене өрі салмақтана береді. Сондықтан, телепублицист үнемі ізденісте болып, көріп, байқап, тауъот, сүрақ қойып, дерек пен құбылысқа ез қатынасын араластыра, өз көзқарасын танытуы тиісті. Телеэкрандағы танымал телепублицистердің бір-бірлеріне дара стильдік қырлары осы бағытта айқын көрінеді.

Жүргізуші кейіпкерлерінің жан дүниесін серпінді күйде беру үшін адам сезімін құбылтып, нөзік пернелерді тап баса отырып, мөлдіретіп беретін публицистика жанрының лирикалық күшін талдау мүшеріндегі философиялық толғаныс табиғатына иіп өкелптгі. Хабарға қатысушылардьщ шалқулары мен ой өрнектеріндегі ырғақтарына дейін олардың жан дүниесінен хабардар етеді.

Ұлттық өнім әрқашан да сұраныста. Тек, дұрыс әрі қызықты етіп эфирге ұсынсаң болғаны көрерменнің көзі күннен күнге артып, рейтингісі жоғарылайды. Ал, бағдарламаларынан төл сипат көрініс табатын «¥лттық теледидар арнасы қандай болуы керек?» – деген мәселеде телеарнаның төмендегідей принциптерді басшылыққа алғаны жөн:

– Көркем хабарлардың үлес салмағын күрт көбейту керек; ұлттық қасиеттерімізді, ескі жәдігерлерімізді насихаттау арқылы ұрпақ тәрбиесін қолға алу ләзім;

– Қазақ теледидарының 70-80-жылдардағы өше бастаған терме, жыраулық өнер т.б. дәстүрін қайта тірілтіп, жандандыру;

– Қазір экраннан жоғалып кеткен өнер, мәдениет өкілдері туралы хабарлар циклін жүргізу; ұлттық ойындарды телеарнаның ерекшелігіне сай жаңа мазмұнда өрістету.

Міне осындай бағытта қолға алған бастама қолдаусыз қалмиасы анық. Журналист болса, ұлттық хабарды қолға алып, мәдениетімізді насихаттаған соң, үлкен жауапкершілікті бойына сіңіріп, салмағы ауыр жүкті көздеген межеге дейін жеткізуі міндет.

Қазақ теледидарындағы бағдарламалар топтамасының әрбірінен телепублицистиканың кемелдене толысып, әрі мағыналы мәнді, өнегелі өрнекті сәтке ұласқан тұстары да зерттеушілер назарынан тыс қалған жоқ. Соларға сілтеме жасай отырып дипломдық жұмысымызда қаламымыздың қарымынша дипломдық жұмысымыздың мазмұнын ашуға тырстық. Шын мәнінде, 70-80 жылдар ізденістен-ілгерілеуге, саннан-сапаға ауыса бастаудың өз мәуелі жемісін берген кезеңі болған. Мақтануға да, мақтауға лайық, іші-сырты бірдей көз тартарлықтай қомақты бағдарламалар экранға бейнелілік әрі көркемдік түр әкеле бастағандығын дипломдық жұмыс жазу барсында айқын аңғардық.

Мақала авторы Тұрғынова Д.Ш.

Бөлісу: