Тоқтар Бейісқұлов публицистикасындағы әдеби сын

15 Қыркүйек 2017, 11:16 7918

Публицист шеберлігі

Тоқтар Бейісқұлов әр жылдар сайын сыни мақалаларда жазған. Олардың ішінде жазушылар Жанат Ахмади мен Қуандық Түменбайдың шығармашылық жұмыстарына байланысты айтылғандарының шоқтығы биік болып саналады. Сыншы ретінде ғалым жазушы Қуандық Түменбайдың еңбектерін зерделей келе оған: «Қаламы – қаруы әрі досы оның. Жазушыда қауқар жоқ онсыз. Ал, ол қару қалам арлының қолында болуы керек. Міне, әдебиетте оның ұстанған мықты кредосы, алғы шарты осы. Ол – арға жүгінген жазушы», – деп баға берсе, тілге шешен, қазақтың орамды сөздеріне жүйрік қаламгер Жанат Ахмадидің «Жүрек қартайса, ажал аңду салады» деген жинағын оқи отырып: «Адамды мезі етпейтін, елітіп, ботаны мұрындығынан жетелегендей ғып алып кететін шығарманы құмарта, құныға оқимыз. Осы жағынан келгенде Ж.Ахмадидің шебер жазушы екендігі жаңа кітаптан ерекше сезіледі», – деген екен. Сол секілді профессор Т.Қожакеев турасында «Қайсар да арлы азамат», ғалым Т.Нұртазин жөнінде «Тағдыр талқысынан тайсалмаған», Иманжүсіп Құтпанұлының атылғанына 70 жыл болуы қарсаңында «Жұдырықтай басымды отқа салдым» атты мақалалар жазады.

Сөзді саралап қолдану телерадиожурналистерінің шеберлігі. Жазушы, ақындар дәмсіз, мәнсіз қызыл сөзге салынбай сөз маржандарын тұңғиықтан, жүрек түкпірінен тауып, шығарма әрін кіргізіп, әрлендіріп жіберсе, оқырманды магниттей тартатын шығарма компаненттерінің бірі осы. Ол тілдің колоритті бояуы қанық болмаса, ол шығарманы оқу бекер екенін айтады.Т.Бейісқұлов ондайда біз, тілі жатық, емес, мағынасы түсініксіз деп оқуға ниетіміз жоқ екенін айтамыз. Иә, шығарманың шырайы, сапалық шұрайы, эстетикалық нәрі, ой көркі - көркемі тіл. Тіл жұтаңдығы, қарабайырлығы, тіл күрмелетін түсініксіз шұбалаңқылығы, сағыздай созып жалаң әңгімелеу оқырманды тартпайды да, шығарманың алға қойған идеясы, меңзеген ойы, қаламгердің кредосы оқырман жүрегіне жетпейді, оны тұшынтпайды. Бүгінгі таңда әдебиетімізде өнімді жазып жүрген жазушылардың бірі - Дүкенбай Досжанов. Осы Д.Досжановтың «Мұхтар асуы» повесіне Т.Бейісқұловтың айтқан әдеби сыны. Д. Досжанов шығармалары кітап күйінде де, газет пен журналдарда кеңінен жиі жарияланып жүр. Жазушының көсіле сілтеген кең қарымды тілі де бар. Төгілтіп жазғанда көркемдік әр берген сөздері, сөйлем құралымдары ерекше әсер етеді. Алайда жауапсыздықпен қарап, апыл - ғұпыл асығыстықпен жазған тұстарында сөз мәніне жете үңілмей, өз бетінше әрлендірмекші болған әрекеті көздеген жеріне жете бермейді. Мұндай мысалдар оның «Мұқтар асуы» повесінде («Құмда қалған кемелер», «Жалын», 1986 ж) мол ұшырасады. Қалыптасып, тілімізге сіңісіп кеткен сөздің өңін жөн - жосықсыз өзгертіп, «Жаңа сөз» жасау жолы кездеседі. Енді бір байқағанымыз - жергілікті жердің диалектикасын жиі қолдануы. Оларға түсініктеме де бермейді. Шынтуайтқа келгенде, олар көпшілік оқырманға түсініксіз қалай түсінсең солай түсінге салды Тоқтар ағамыз Дүкенбай Досжановтың «Мұхтар асуы» повесін оқи отырып та осындай күй кешкендей боласың. Мысалы 179 беттегі «Жетпіске, сексенге келіп сезімі сірнеленбей керісінше серги түскен білімпаз, ғұламалар болған», - деген сөйлемді алсақ «Сезімі сірнеленбей» деген не? Оқырман оны қалай түсінуі керек?.  Сезімге байланысты «Сенімтал», «Сергек сөздері контексте егіздің сыңарындай қатар жүрмеуші ме еді? Сезімнің сірнесі деген не нәрсе? Енді бір жерде «Абай»  романы талай жылғы бейнетінің зейнеті, сірне сығындысы деп жазғанын ескерсек, жоғарыдағы сірнеленбей сөзі орнымен қолданылып та тұрған жоқ. Алғашқы сөйлемдегі сезімнің сірнесі мына жерде еңбек ету, күш - қажыр жұмсау ұғымын беріп тұрғандай. Ал, 192 беттегі мына сөйлемге қараңыз: «Сонда өстіп «Cіз», біз» десіп сыйласып, көңіл тойғызудан басқа барақат таппапты ғой», «Барақатты жер кіндігі магнитше тартып, жүр - жүрлей түседі». Барақат сөзі алғашқысында көңіл - жайға орай пайдаланылса, екінші сөйлемде жер кіндігін сипаттағандай. Алғашқы сөйлемнен тек көңілге тоқтықты, бір - біріне басқа еш жақсылық көрсетпегендікті аңғарасыз, ал жер кіндігінің барақаты деген не?! Жер кіндігінің вулкандай атқып маза бермейтін жайы емес, тек жайбарақат жатқан жайдары сипаты ма?

Осы жерде М.Әуезовтың сөз қолданудағы зеректігі, сергектігі, мәдениеттілігі еске түседі.Оның «Абай жолы» кітабында түсініктеме беретін жері бар. Ол «Шоң» деген сөзге байланысты. Ол сөздің біздің тілге қайдан келгенін, мәні не екенін әсерлі штрихпен берген. Абай және оның айналасындағы бір топ жас ақын Ералының кең жазығымен келе жатқанда әзіл - қалжыңмен қағысып, іліп - қашып өлең шығарысады. Мағаш пен Ақылбайдың екі жол шумағына Кәкітай:

Бірің тоңып, бірің оң, жұмысым жоқ.

Ойына түк кірмейді Кәкітай шоңның, -деп

жол қосып, қарқылдап күлетін жері бар.

«Шоң» сөзі дау туғызады. Ондай сөз қазақта жоқ десіп өзара дауласады. Ал Кәкітай болса өлеңді өлең ғып тұр ғой осы сөз деп бой бермейді. Бәрі Ерболға , одан кейін Баймағамбетке жүгінеді. Ақыры дауласа келе сөздің мағынасын таппай Абайға келеді.Абай қазақта Шоң деген кісі аты бар екенін айтып, Осы сөздің асыл түбі қырғыздан ба деп топшылайды ойын. Бұл аз дегендей, М.Әуезов сілтеме беріп, «шоң» деген сөзді Арқа қазағы білмейді, зор, үлкен деген мағынада қырғыз бен оңтүстік қазағы деп түсіндіреді. Үлгі алатын, үйренетін өнеге, міне, осы. Д.Досжанов солай етсе, оқырманын риза еткеннен басқа, еш зиян көрмес еді. «Ордашарқы» сөзін бірнеше рет қолданған. Мысалы, ордашарқы адамдар азайды. Сөйлеміндегі бұл сөз жазушының өзі айтқандай, «Еңбексіз көлденең табыс іздеген» арызқой адамдар жөнінде ғой деп білесің. Тағы бір жерлерінде «ордашарқы сөз иесіне тікенектей қадалды», «ордашарқы ақсия күлді» дейді. Осыған анықтап қарасақ осы сөздер қандай мағынаға ие болып кетті? Шымбайына батыра айтқан сөз бе? Рахаттана қарқылдап күлу ме? Міне, сөзді орнымен қолдануды ойламай, оңды - солды сілтеу осы - ау, сірә.

Қалыптасқан, көкейімізге берік бекіген, тілімізде мықтап орныққан, тілге жеңіл, ойға ұғынықты айтылатын сөздерді жөнсіз бұзып, өзгертіп жазу әдеби шығармаларымыздың көркемдігін арттыра қояр ма екен? «Сынапша сырғиды», «Кейін» деудің орнына «Сынапша ырғиды», «Кейінше» деп жазады.

Әдеби тілімізге сақ болайық, тіл байлығымызды орнымен пайдаланайық, оны ала - құлалықтан сақтайық. Ендеше кейбір қаламгерлер бұған құлақ қоймайтыны қалай, оқырман қауымының, творчестволық әріптестерінің жанашыр пікірлерін ескеріп, елемейтіні қалай деген ойға қаласың. Қалам иелерінің қасиетті парыздарының бірі халықтың ғасырлар бойы жасаған асыл мұрасы - тілді көздің қарашығындай сақтап, жөн - жосықсыз бүлдіруден қорғау керек деп білеміз.Көркем шығармада сөзді саралап қолдану да осыған саяды.

Біздің жат жұрттық өктемділікке наразылық білдірген әдебиетіміздің ана тілімізде өсіп - өркендеуінің өзі ұлттық кемелдіктің бұлжымас айғағына айналады.

Орайы келгенде бұл телеарналарда көңілге қонымды, жанға жайлы, біліктілікті, сананы арттыратын, мәдениетіміздің дәстүрлі құндылығын насихаттайтын, тіліміздің жойылып кетпеуіне үлес қосатын бағдарламалар баршылық. Тілімізді айқыш - ұйқыш тілменен шұбарламай қазақи таза тілмен жазған жазушының бірі - Жанат Ахмади. Т.Бейісқұловтың Ж.Ахмадидың «Жүрек қартайса, ажал аңду салады»деген әңгімесіне берген әдеби бағасы. Этнографиялық толғаулардан тұратын кітап екі бөлімнен тұрады. Оқығанда шығарма адамды тартып, тағылымдық, болмаса рухани нәр алатындай болуы үшін жазушы жаңа бір қым - қуыт оқиғалы идеясын ұсынады, шұрайлы көркемдік әр беруге ұмтылады. Бірі тіл шұрайының сан алуан қыр гүлдеріндей реңктерін мол ашып беруге шебер келсе, енді бірі бірден ұйыққа тартқандай баурап алады, сюжет құруға бейім келеді. Адамды мезі етпейтін, елітіп, ботаны мұрындығынан жетелегендей ғып алып кететін шығарманы қуана, құмарта оқисың. Осы жағынан келгенде Жанат Ахмадидің шебер жазушы екендігі жаңа кітаптан ерекше сезіледі.Оқи бастағанда - ақ сөз саптауы, таза қазақи шебер тілі бірден үйіріп әкетеді. Өте тілі құнарлы.

Бұл кітап «Ел иесі» деген әңгімемен ашылған. Оған Керей Жәнібектің қалмақпен соғысқа қатыспақ болған ойының қалай жүзеге асқаны арқау етілген. Ер жетіп ес білгеннен кейінгі оның арман - тілегі жауға қарсы жорыққа аттану еді. Бірақ ол өз бетінше дүрбелеңге ілесіп жүре бермей, қазақтың әдептілік дәстүрін сақтап, нағашы атасы Қаздауысты Қазыбектің алдына келіп, үшінші рет рұқсат сұрайды. Бұл үлкенді сыйлау, оған жүгіну, шешім - ұйғарымына мойын ұсыну - тәрбиелі, шабыттылық маңызы зор тағылым. Қазіргі жастарымызда жетіспей жатқан, бойларына дарытатын өнегелі қасиет осы деп жол көрсетеді Т.Бейісқұлов. Қазыбек те жас Жәнібекке ашу шақырып неге мазалайсың деп жекіп жатпайды. Керісінше, өз ойын толық түсіндіреді.Терең толғанып сырын ақтарған Қазыбектің тұлғасы да асқан біліктілік пен ақыл кенінің үлгісі. Керей елінің басынан кешкендерінен хабар бере келіп, Жәнібектің ұрысқа қатыспауын не себепті құптамайтынын қандай шешендікпен көрсетті десеңізші. Сол бойы ұзақ толғап, оққа ұшқаннан гөрі Керейге ие болған деген тұжырым түйеді. Оның сырлы сөзін тұщынбай, тамсанбай оқымау мүмкін емес, оқыған сайын қазақтың тілі не деген бай, не деген шешен екендігіне көз жеткізіп, қадір - қасиетін терең түсінесің. Сол шешендікті бүгінгі күнге жеткізіп отырған жазушы шығарманың осы жағына үлкен мән беретін сияқты. Әңгімеден Жәнібектің асқан патриоттығы, Қазыбектің ел билеушісі, оның қамқоршысы ретіндегі бейкесі айшықты ашылады.

Жәнібектің жорыққа аттануы туралы мәселе хан ордасында үлкен әңгіме болады. Онда ол тіл майын тамыза, қызбалана дәлелді сөйлегенде ешкім бетін қақпай, ұйып тыңдайды. Хан Абылай, Бұқар жырау, Төле би, Қазыбек алдында Жәнібек қаймықпай, қасқая тұрып, өз дәлелдерін өрмектей өріп, өрелі тілмен түйдектете төгеді. Хан болайын деп емес, ерді жаудан қорғау үшін аттанбақ ойын алға тартып, Абылайға «Менің жаным сізден ардақты, сізден аяулы ма еді? Сіз де қараша үйде туып хан болғаныңызда бұл абырой, бұл беделіңізді «атаңыз»  сұрап әпермеген шығар», - деп өжеттік көрсетеді. Ақыры Жәнібек қолдау шешім алып, жауға аттанып, Батыржан, Ошыржан деген қалмақ дойырларының басын хан алдына әкеліп, Керей баласы оның оң тізесінен орын алады. Сөйтіп, Жәнібектің бейнесі биік, тұғырдан көрініс береді. Оның жүрек жұтқан ер, батылдық , өжеттік дарыған батыр екендігіне шүбәң қалмайды.  Ж.Ахмади оны ұрысқа қатысты, қырып - жойды деген таптаурын тон пішуден өзін аулақ ұстап, орайлы ой , щебер тіл, өткір пікір қақтығыстары арқылы биіктете көрсете білген.

Кітаптағы басқа туындылар да осы деңгейде. Мән - маңызын ашпақ болған туындылары, нені айтпақ болған ой - мақсаттары діттеген жерден шығып жатады. «Құн» этнографиялық әңгімесінде қызға байланысты дау - дамайдың кесірінен адам өліміне әкелген қасірет мәселесі қандай шешімін тапқанын қызғылықты суреттецді. «Сақы» деген туындысында Садуақас атты сақының ұры - қарыға да, салақ пен оңғаққа да, шорқақ, ез, қырт, керікеткен, жоқ - жітік, аш - арықтарды да көлеңкесімен қорғап, паналатын кейіпі, іс - әрекеті , сөзге беріктігі арқылы нанымды берілген.

«Сопы аллаяр», «Қарынбай», «Қапылыс», «Кәнпеске», «Кезенгеннің кезі», «Ойран» деп аталған әңгімелері де тұщынып оқитын, тәлімдік мағлұматтар алатын дүниелер.

Екінші бөлім этнографиялық толғам - толғаныстар, бата - тілектер және ұлттық дәстүрге байланысты әртүрлі жол- жоралғы, үрдістерден құралған. Мұнда негізінен Қытайда тұратын қазақтар қолданған біз естімеген, білмеген нәрселер аз кездеспейді. Беймәлім сөз маржандары, мәйекті мақал - мәтелдер таңдай қақтырады. Бізде «Өтпес пышақ қол кесе» , «Сөз сүйектен өтеді»десе , Ж.Ахмадидің кітабынан «Өткір пышақ - қынға қас, өтірік сөз - жанға қас» деген мақалды оқи отырып шешендігіне таң қаласың. Автор мақал - мәтелдерді топтап, салалап көрсетеді. Мысалы,  «Шаншымалы , қармақ бас» деп есептегендерге мыналарды келтіреді. «Екі суайт бірін - бірі иландыра алмайды», «Қызыл кебіс қисық аяқты әйгілейді» , «Бекімі жоқ қыз қысқа күнде қырық құбылады», «Ақша молданы намазынан қалдырады, т.б. Ұлағаттылықты ашатын, кері мағына беретін, айтыс - тартыс түрінде кездесетін, төре - қожалардың бет - пердесін сыпыратын мақал - мәтелдерді бірнеше бетке тізіп берген. Бұл мақалдармен таныс емес адамдар оны қолдануға болады деп тұжырымдайды өз ойын академик, қарымды жазушы Т.Бейісқұлов ағамыз.

Т.Бейісқұлов Ж.Ахмадидің шығармалары өте көркем тілмен жазылғандығына жоғары баға беріп, оның «Алаш» сыйлығын ала - алмағанына өкініш білдіреді. Қайтесің, өмірде бәрі болады дейді Т.Әбдірахманұлы. Міне, тағы бір мәрте Т.Бейісқұловтың ізденгіштігіне, дарындылығына, ерінбей - жалықпай жазушылардың еңбектерін оқып  әділ баға беретініне таң қаласың. Тілге деген жанашырлығы оның ұлтына деген мақтаныш сезімін арттырады. Тегі қазақ тілі үйіріліп - ақ кететін жеңіл келеді. Оған ауызды бұзып, тілді бұрап сөйлеу тән емес. Құлық болса, тез - ақ игерілетін, үйренетін тіл. Орысша сөйлегенде қазақ азаматтары кейбір сөзді дұрыс айтпаса, кейбіреулердің кешірімдік көрсетудің орнына көз қырымен қарап, олай емес былай деп түзетіп жататынын көріп жүрдік. Ол бізге айтуға батпай, қазақ сөздерін қалай бұрып жатса да міз бақпай отыра берушілік бойды билеп келді. Біздің көсеміміздің бір ұшы осында жатыр. Ұнжырғамыз түсіп кеудемізді көтере алмай, жалтақтық, үркектік, дәрменсіздік күй кештік. Бұл кеселден енді - енді арылып, ана тілімізді қорғауға білек сыбанып кірістік. Сол бағытта атқарылар, жолға қойылар істің бірі адам аттарын бұрмалап айтып, жазуға жол бермеу. Тіл өрісінің тарылып , тозып бара жатуы рухани тозуға, мәдениет, әдебиет, өнер экологиясына соқтыруда. Қазіргі кезде халықтың асыл мұраларын насихаттауды құлақ жаратын көкейге қонбайтын, жүрекке жылу бермейтін, жан сергітпейтін даңғаза рок және оған ағайындас музыкалар басып кетті. Міне, өсер ұрпақтың ана тілімізді жақсы білмеуінің осындай қауіпі бары да селт еткізуге тиіс. Ана тілімізбен сағынысып қауышқандай күйдеміз қазір. Тіл - ғажайып дүние, Онсыз өмір - тұл. Аталуы аз емес, бірақ әлі күнге дейін мемлекеттік тілге толық көше алмай келеміз. Қолдану аясы кеңіген жоқ . Баяғы орысша ойлап, қазақша жазу. Іс қағаздар 65 пайыз қазақша жүргізіліп жатыр деп көзімізді бояғысы келеді. Оған сену қиын.  Тіл құрыса - ұлтымыз да жойылады. Кім де кім қауіп жоқ десе ол қатты адасады. Сол қауіп мүлдем мектеп алмасын деп көкірегі ояу, ұлттық намысы бар азаматар жан - жүрегін сыздатып отырып қазақ тілінін тынысын кеңейтіп, мәртебесін қайтсек биіктетеміз деп айтып та, жазып та жүр.

Қазақ зиялылары қашан да ана тіліміздің сақталып, өрісі кеңеюіне аса көңіл бөлгені әлі есімізде. А.Байтұрсынұлының қазақ тілінің лингвистикалық негізін салып, оның қалыптасып, дамуына зор еңбек сіңіргенін енді бағалап, оны өнеге тұтсақ, өкімет басқару қолына тигенде Сәкен Сейфуллиннің мекемелерде іс жүргізу қазақ тілінде болуын талап еткен шешілімге қол қоюы да есімізде. Тіліміздің сақталуына бағалы күш жұмсаған азаматтың бірі - Бейімбет Майлин. Тілімізге бой жаздырмай, менсінбей қарап, шұбарлап жатқандар өзіміздің қазақтар арсында ғой. Бұл деген тілімізге деген сатқындық қой. Не көп - жиналыс, бас қосу, семинар көп, ал нәтижесі жоқ. Ал қазақтардың өзі орысша бір - бірімен сөйлеседі. «Орыс тілінде сөйлейтін адамдардың 75 пайызы шахталар мен зауыттарда жұмыс істейді» деп айтады. Ал АҚШ-та , Францияда, Германияда, Түркияда, Польшада тек жергілікті негізгі тұрғындардың тілдерінде сөйлесетіні ұлттық намысты білдірсе керек.

Шұбарлау дегеннен шығады. Сол келеңсіздіктен арыла алмай келеміз. Өз тілін шала білетіндерді айтпағанның өзінде, қаламы қуатты қаламгерлер де, журналистер де ұрынып қалып жатады. Кейбірін атап кеткен артық болмас! Продюсер, модель, транзит, механизм, диалог, модератор, лидер т.б. сөздердің бәрінің баламасын табуға болады. Тілдің шұбарлануына телеарнада да мән бермейтіні байқалады. Теледидардың соңғы хабарынан орысша сөйлеген қазақтың сөзді дұрыс аударып бере алмайтынын, екі сөздің басын қоса алмай жаңағы, әлгі, сонсон дей беретіндерді көру жанға ниетінін айтсақ, ол ұзақ сөз. Сонау өткен ғасырдың 20 жылдарда күні бүгінге дейін шыр - пыр болып, қайтсек ана тіліиізді сақтап қаламыз, дамытып, өрісін өркендетеміз деп жан салған алаш азаматтарының ісіне менсінбей қарап, кері әсер ететін Ғабең айтқан ұлдарына ішіміз қазандай қайнайтыны - ай! Сондайлардың қазақша сауатсыздығынан, тіліміздің тағдырын түсініп білмейтінінен, намыстарының жоқтығынан шет тілдерден небір сөздер кіріп, шұбарланып бара жатқанын ашық айтуымыз керек.

Жөнсіз сөз кіргізуге телеарналар қызметкерлері әуес - ақ, «Сағындырған әндер – ай» деген концертті көруге құмартып отыратын болдық. «Алашұбар тілің болады» деп Майқы би бабамыз айтқандай сөзбұйдаға түскен қайран ана тілім.

Т.Бейісқұловтың Жанат Ахмади мен Қуандық Түменбайдың шығармашылық жұмыстарына байланысты айтылған әдеби сындарының шоқтығы биік болып саналады. Сыншы ретінде Т.Бейісқұлов Қуандық Түменбайдың еңбектеріне: «Қаламы – қаруы әрі досы оның. Жазушыда қауқар жоқ онсыз. Ал, ол қару қалам арлының қолында болуы керек. Міне, әдебиетте оның ұстанған мықты кредосы, алғы шарты осы. Ол – арға жүгінген жазушы», – деп баға берсе, тілге шешен, қазақтың орамды сөздеріне жүйрік қаламгер Жанат Ахмадидің «Жүрек қартайса, ажал аңду салады» деген жинағын оқи отырып: «Адамды мезі етпейтін, елітіп, ботаны мұрындығынан жетелегендей ғып алып кететін шығарманы құмарта, құныға оқимыз. Осы жағынан келгенде Ж.Ахмадидің шебер жазушы екендігі жаңа кітаптан ерекше сезіледі», – деген екен.

Қорытындылай келе, біз Т.Бейісқұловтың әдеби сыни мақалаларын оқи отырып, оның жан-жақты публицист екенін аңғардық. Әдеби шығармаға сын айту кез-келген публицистің қолынан келмейді. Публицист, зерттеуші Т.Бейісқұловтың әдеби сындарының публицистикада алар орны бөлек. Оқырман публицистің әдеби сындарын оқи отырып, оның журналистік шеберлігін, сыншылығын  байқады. Сол себептен  Т.Бейісқұловтың әртүрлі жанрда жазылған дүниелері қалың оқырманның қошеметіне ие болып отырады.

Тіл мен стиль - журналистиканың аса маңызды құрамдас бір бөлігі. Жаттық емес тілмен, ауыр стильмен жазылған айтылған хабарды тыңдаушы немқұрайлы қабылдайды. Айтпақ ойды жатық тіл мен, жүрекке жол табарлықтай шебер суреттеп, нанымды, қонымды етіп берсе - таңдаушысын ренжітпейді,  қайта ойы сезімге бөлеп, көңіліне қонымды ұялайды. Тәрбиелік мәні артады. Оған жету үшін көп ізденіс керек. Тіл мен стильге жауапкершілікпен қарау әр журналистің міндеті. Бірақ әр журналистің сөйлеу, жазу мәнері де, тіл мәдениетінің дәрежесі де әр алуан болады. Алайда, бәрін білемін демей «Білгеніміз бір тоғыз, білмегеніміз тоқсан тоғыз» деп қарау керек. Сондықтан, көп іздену керек, тіл қолдануды, сөз саптауды үйрене беру керек, стиль шеберлігін шыңдай түсу қажет дегенге салуы ойымыз. Өйткені, тіл қадірі де, сөз қадірі де маңдай терді, ізденуді, терең талғамды, бапты мұрат тұтады, орынсыз еркелікті де көтермейді деп өткір айта білді Тоқтар Бейісқұлов.

Телеарнадағы журналистердің тілімізді бұзып, құлаққа қонбайтын сөз жасаулары, орынсыз шешенсіп шетел сөздерін тықпалай беретінін былай қойғанда, телеарналар мәдени интервенцияның ошағына айналып бара жатқанын байқамаған сияқтымыз, тіпті байқаған күннің өзінде мән бермей жүрміз. Тілімізге де тигізіп жатқан зияны аз емес. Телеарналардан көрсетілетін кинофильмдер жыртылып айырылады. Не көреміз солардан : адам өлтіріп жатқан безбүйректер,  қаныпезерлер , ақша үшін талас - тартыс, оның арты қырылыс, пара алу, жемқорлық, айтыс - керіс, ұрыс - жанжал, азғындық т.б. Мұны көргендер, әсіресе жастар, тілінің қамын ойлаудан бұрын, сол жаман қылықтарға түсіп жатқан жоқ па?

Бұрын ең көп кітап оқитын елміз деп мақтанатын едік. Әсіресе, қазақ тілінде. Жастардың көңілін құс, санасын сартан басып бара жатқан жоқ па? Ойлайтындары баюдың жолы. Қолына ұстап, мойнына асып жүргендері тауар толтырып алған үлкенді - кішілі сөмкелер.Бірде - бірінің қолынан қазақ тіліндегі кітап көрмейсің. Сонда олар қандай ұрпақ болып қалыптасады? Мешеуліктің, сауатсыздықтың, мәдениетсіздіктің ауылы алыс емес - ау. Әйтеуір өздерінің ана тілдерін ұмытып кетпесе жарар еді деп жаны аши, ашына айтты қаламгер Т.Бейісқұлов.

Ел - жұрт, әсіресе , қазақ жастары рухани мәңгүрттікке айналмауы үшін қандай істер атқарылуы керек? Бұл мәселелердің шешімін мемлекет ойластырмаса, жүзеге асырылар шараларды зиялы деген азаматтар қолдап, көмек бермесе болмайды.

Өз халқының, оның тілінің болашағын ойлаған, сол үшін барынша күрескен азаматтар қашан да болған. Солардың бірі ғана емес, бірегейі саналған Ісләм Жарылғапов. Кезінде аудармашы, жаңа сөздер ойлап шығаруш , қазақ тіліне енген орыс сөздерінің баламасын табушы екенін бәрі де біледі. Ол айтулы, білімді ғалым дәрежесіне дейін жетті. Әсіресе, қазақ тілінің дамуына, шұбарланбай таза болуына қосқан үлесі мол. Оның жан - жақты дарындылығын зерттеп, ол туралы тұңғыш еңбек (жағынан) жазып шығарған жазушы, журналист Өтем Қырғызбаевтың да жан - жүрегі өз халқының тағдырына елжіреп тұратынын сезесің. Кітабын «Сөз зергері Ісләм Жарылғапов» деп атапты. Бұл еңбегі өте құнды, қажетті еңбек , оны оқыған адам тіл қадіріне көзін жеткізеді.

Аса білімді ғалым, аудармашы, нағыз ұлтжанды азамат Ісләм Жарылғапов қазақ сөзінің інжу - маржанын теріп, бағасын арттыруға, сап алтындай тазалығын сақтауға, шетел тілінен кірген сөздерге ана тіліміздегі баламасын табуға қосқан үлесі ерекше. Ол Өтеш Қырғызбаевтың сол зерттеуіндегі түйінді пікірге қарасақ, туған тілімізге 500-ден астам жаңа сөздер қосқан екен, деп жазады.

Оның басқа тілдерден, әсіресе орыс тілінен кіргендерінен балама сөздер тауып, енгізуге қосқан үлесі әрі қызығарлық, әрі таңғаларлық, әрі риза боларлық зор үлгі - өнеге. Сондай тауып айналымға қосқандары ғалымдардың, жазушылардың, журналистердің зерттеулеріне, шығармашылығына, тіпті күллі жұрттың сөздеріне кірігіп кетті. Еске алып көрейік : аялдама, балмұздақ, анықтама, күнделік, жанұя, көрермен, оқырман, саяжай, жағажай, ғарыш, зымыран дегендері орыс сөздерінің баламасы ретінде тауып кіргізіп еді. Одан тілімізге ешқандай зиянын тигізген жоқ. Керісінше, біріншіден кірме сөздерге тосқауыл жасалды. Екіншіден, ана тіліміздің табиғатына сай сіңіп кетті. Үшіншіден, тіліміз байи түсті. Қазірге дейін бұл сөздер кеңінен қолданылады.

Дана Мәулен
Бөлісу: