Токиода Japan Airlines ұшағы өртенді

2 Қаңтар, 15:42 938

Жапония астанасының әуежайында Japan Airlines ұшағы өртке оранды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Желіде тараған видеода ұшақтың қону кезінде өртенгенін көруге болады.

Жергілікті билік бортта болған барлық 400 адам эвакуацияланғанын мәлімдеді.

Әуе кемесі толық өртеніп кеткен.

Өртке аспанда жағалау күзетінің ұшағымен соқтығысуы салдарынан болуы мүмкін.

Жансая Әділбек
Бөлісу: