Тоғыз өңірде сайлауға дайындық барысын тексердік – ОСК

6 Қазан 2023, 11:53 961

Пилоттық режимде аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдеріне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

2023 жылғы 5 қарашада тағайындалған пилоттық аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдерін сайлауды даярлау және өткізу шеңберінде инспекциялық сапармен, сондай-ақ аймақтық сайлау органдарына әдістемелік және практикалық көмек көрсету мақсатында мен және Орталық сайлау комиссиясының мүшелері 26 қыркүйектен бастап барлық 17 өңірді аралауды бастағанбыз. Бүгінгі таңда біз 9 өңірге бардық, атап айтқанда, Ақмола, Алматы, Атырау, Жетісу, Қарағанды Қызылорда, Павлодар, СҚО, ШҚО. Осы өңірлерде 24 пилоттық аудандар мен облыстық маңызы бар қалаларда сайлауды өткізуге дайындық барысы мен аумақтық сайлау комиссиясы жүргізіп жатқан шараларымен танысып, сондай-ақ сайлау процесіне қатысушыларға туындайтын мәселелер бойынша түсіндірмелер, практикалық кейстерді талдадық, - деді Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров.

Сондай-ақ ол инспекциялық іс-шаралар барысында аумақтық сайлау комиссиялары «каскадты» әдіс бойынша комиссия мүшелері үшін ұйымдастырған жергілікті жерлерде өткізілетін оқу семинарларының сапасын бақылау мәселелеріне үлкен көңіл бөлгенін айтты.

Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың әкімдерін сайлауға кандидаттарды ұсыну мерзімі сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен, яғни 16 қыркүйекте басталып және сайлау өткізілетін күнге 30 күн қалғанда, яғни 5 қазанда сағат 18:00-де аяқталатыны белгіленген болатын, - деді Әбдіров.

Миражан Махан
Бөлісу: