"Төбелесіп кеттім". Жайна Шекербекова лицензиялық турнирде жеңілуінің себебін атады

7 Наурыз, 23:19 764

Бокстан Қазақстан әйелдер командасының мүшесі Жайна Шекербекова лицензиялық турнирде неліктен жеңілгенін айтты, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz-ке сілтеме жасап. 

54 келіде жұдырықтасқан Жайна алғашқы айналымда нигериялық Шукура Каримиден ұтылғанды. 

Бірінші кездесу болған соң, оңай соқпады. Барымды салдым. Африкалықтар физикалық жағынан мықты келеді. Соған қарамастан, бірінші раундта өз стилімнен айнымадым. 5:0 есебімен ұттым. Ал екінші раундта төбелесіп кеттім. Бұл - менің қателігім. Алдап, қулыққа баруым керек еді. Шаршы алаңдағы төреші де нокдаунды дұрыс есептемеді деп ойлаймын. Себебі, сол сәтте екеуміз де соққы алмасқанбыз. Үшінші раундта айтарлықтай дәл соққылар болмады. Бірақ барынша алға ұмтылдым. Төрешілер үшінші раундты да қарсыласқа беріпті", - деді Жайна.

Перизат Саденова
Бөлісу: