30.09.2022
14:05
1328
Жаңалықтар

Тоқаев Семейде «Ұстаз бен шәкірт» ескерткішін ашты

Президент Семей қаласында Мұхтар Әуезов пен Қайым Мұхамедхановқа арналған «Ұстаз бен шәкірт» ескерткішін салтанатты түрде ашты, деп хабарлайды El.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Рәсімнен кейін Мемлекет басшысы халқымыздың ұлы перзенттерінің ұрпақтарымен және зиялы қауым өкілдерімен әңгімелесті.