Тоқаев мемлекеттік сапармен келген Қатар Әмірін Ақордада қарсы алды

12 Қазан 2022, 10:15 878

Келіссөздер жүргізілмек

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниді қарсы алды, деп хабарлайды El.kz.

Басшылар Ақордаға аяқ басты. ҚР әнұраны орындалды. Екі мемлекет басшылары бірқатар келіссөздер жүргізіп, маңызды құжаттарға қол қоймақ. 

Еске сала кетейік, 13 қазанда шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммитіне қатысады.

Бөлісу: