19.09.2022
22:05
1010
Тоқаев Австралияның бұрынғы Премьер-министрімен кездесті

Тоқаев Австралияның бұрынғы Премьер-министрімен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Австралияның бұрынғы Премьер-министрі Кевин Раддпен кездесті, деп хабарлайды EL.KZ Борт N1 телеграм арнасына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Австралияның бұрынғы Премьер-министрі, Asia Society талдау орталығының президенті Кевин Раддпен кездесу өткізді. Әңгімелесу барысында қазіргі заманның өзекті сын-қатерлері мен үрдістері, оның ішінде жаһандық саясат пен экономика мәселелері талқыланды - делінген хабарламада.