Жасанды интеллект алдағы жылдары кәсіпорындардағы орта буын қызметкерлерін, сондай-ақ техник мамандар мен жүргізушілерді алмастыруы мүмкін. Осы үрдіске байланысты Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) елдерінде ЖИ технологияларын дамыту бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл туралы ТМД экономикалық даму іскерлік орталығының бас директоры Вадим Ганин Тәжікстанда өткен Екінші халықаралық тау-металлургия форумында айтты.
Ганиннің сөзінше, қазіргі уақытта орталықтың жобалар портфелі екі есеге ұлғайған. Олардың 55%-ы инфрақұрылымдық жобалар, тағы 32%-ы өндірістік бастамалар.
Өнеркәсіпті цифрландыру мәселесіне тоқталғым келеді, себебі жасанды интеллект дамыған сайын бұл тақырып өте өзекті бола түсуде. Жасанды интеллект жақын арада орта буын қызметкерлерінің, техник мамандардың және жүргізушілердің жұмысын алмастыратынын түсініп отырмыз. Бүгінде ТМД елдерінде ЖИ технологияларын дамытуға белсенді қатысып отырмыз. Бізде генеративті қуаттарға қолжетімділік бар, сондай-ақ осы технология бойынша оқыту жұмыстарын жүргізудеміз, - деді Вадим Ганин.
Сөз соңында Ганин Тәжікстанды да ЖИ саласындағы ынтымақтастыққа шақырды.Ол іскерлік орталық ТМД елдерінен ғана емес, басқа мемлекеттерден де инвестиция тартып жатқанын атап өтті.