Өткен тәулікте коронавирус жұқтырған 1104 адам анықталды

14 Шілде 2022, 09:01 935

334 тұрғын қауіпті індеттен жазылып шыққан

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1104 жағдай тіркелді, деп хабарлайды El.kz COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасап.

Оның ішінде  Нұр-Сұлтан қаласында - 328, Алматы қаласында - 350, Шымкент қаласында 102 адамнан вирус анықталған.

«Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 312 294-ке жетті», - деп жазды комиссия.

Бөлісу: