12.07.2022
09:40
1280
Өткен тәулікте 482 адам коронавирус жұқтырды

Өткен тәулікте 482 адам коронавирус жұқтырды

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 482 жағдай тіркелді, деп хабарлайды El.kz

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мәліметінше, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 310 370-ке жетті.

Өткен тәулікте анықталғандардың ішінде Нұр-Сұлтан қаласында - 123, Алматы қаласында 205 адам коронавирус жұқтырған.