Өткен тәулікте 3095 адамнан коронавирус анықталды

29 Шілде 2022, 09:38 1228

Eлімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 344 360-қа жетті

Қазақстанда коронавирус жұқтыру деректері күн санап артып келеді. Өткен тәуліктің өзінде індет жұқтырудың тағы 3095 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды El.kz

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлағандай, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 344 360-қа жетті.

«Соңғы тәулікте анықталған науқастардың ішінде: Нұр-Сұлтан қаласында - 918, Алматы қаласында - 694, Шымкент қаласында – 78, Ақмола облысында – 119, Ақтөбе облысында – 47, Алматы облысында - 101, Жетісу облысында - 129, Атырау облысында - 76, Шығыс Қазақстан облысында - 25, Абай облысында - 55, Жамбыл облысында - 121, Батыс Қазақстан облысында - 87, Қарағанды облысында - 327, Ұлытау облысында - 35, Қостанай облысында - 55, Қызылорда облысында - 63, Маңғыстау облысында - 36, Павлодар облысында - 67, Солтүстік Қазақстан облысында - 40, Түркістан облысында 22-сі тұрады», делінген комиссия деректерінде.






Бөлісу: