Қазіргі таңда 1 075 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр, деп хабарлайды El.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
Коронавируспен ауыратын 106 пациент стационарда, 969 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
Ауруға шалдыққандардың арасында: 4 адамның жағдайы ауыр, 4 пациенттің жағдайы өте ауыр, 2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Сондай-ақ, 13 қазандағы мәлімет бойынша Қазақстанда вакцинаның I компонентін 10 838 699 адам, II компонентін 10 598 498 адам салдырды. Ревакцинацияланды – 5 570 033 адам.