15.10.2022
11:25
1386
Өткен тәулікте 53 адамнан коронавирус анықталды

Өткен тәулікте 53 адамнан коронавирус анықталды

Қазақстанда өткен тәулікте 53 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

15 қазандағы мәлімет бойынша, 1 000 адам коронавирус инфекциясынан (–862+ және 138 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 107 пациент стационарда, 893 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 2 адамның жағдайы ауыр,

• 4 пациенттің жағдайы өте ауыр,

• 3 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.