10.10.2022
11:30
1513
Өткен аптада елімізде 3 мың қылмыс тіркелген

Өткен аптада елімізде 3 мың қылмыс тіркелген

ҚР Ішкі істр министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек өткен аптадағы криминогендік жағдай туралы мәлімет берді, деп хабарлайды El.kz.

«Бір апта ішінде 3 мың қылмыс жасалды. Оның 1769-ы тәулік ішінде ашылды», - деді ол ведомствоның апта сайын өтетін онлайн брифингісінде.

Оның айтуынша, апта ішінде 9 кісі өлтіру қылмысы ашылған.

«Полиция қызметкерлері ізін суытпай 9 кісі өлтіру қылмысын, бір өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақа зиян келтіру қылмысын, бір қарақшылық, 46 тонау, 460 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты», - деді Шұғыла Тұрлыбек.