Түркиялық дәрігер тіс салдыруға келген науқастың имплантын миға бұрап қойған. Бұл туралы Bild басылымы мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бурсалық 40 жастағы Рамазан Йылмаз жеке емханаға қаралған. Тіс дәрігері ауырып тұрған тісін жұлып, орнына имплант орнатуды ұсынады. Имплант операциясы кезінде дәрігер медбикеге имплант орнатуға арналған құрылғының ақауы бар деп шағымданған. Кейін дәрігер қолмен әрекет ете бастаған.
Операция кезінде Йылмаз сықырлаған дыбысты естіген, бірақ дәрігер оның қалыпты екенін айтып, алаңдамауды өтінеді. Содан кейін науқас қатты ауырсынудан айқайлай бастады. Тіс дәрігері имплантты қатты бұрағандықтар бас сүйегінің сүйектерін сындырып, миға кіріп кеткен.
Тіс дәрігері ер адамды бірден ауруханаға жеткізді. Онда Йылмазға өлім қаупі төніп тұрғанын ескертіп, шұғыл ота жасалған.
Ер адам әйелімен, екі баласымен қоштасып үлгерген. Бірақ, бақытына орай, ота сәтті аяқталып, миға кірген зат алынды. Ал тіс дәрігері емдеуге алған ақшасын қайтарудан бас тартып отыр.