07.08.2023
15:54
1458
Тимур Қарағойшин вице-министр болып тағайындалды

Тимур Қарағойшин вице-министр болып тағайындалды

Тимур Қарағойшин ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР Үкіметінің қаулысымен Тимур Жиенбайұлы Қарағойшин ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы қызметінен босатылып, ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды, - делінген құжатта.